Батыл бала Сергей

Сергей Кудрявцев – үйдегі бес баланың үлкені. Анасы Татьяна Кудрявцева: «Баламның біреуді құтқарғаны туралы кеш білдім. Әлеуметтік желідегі «№4 орта мектебінің 6-сынып оқушысы, құтқарушы Сергейді іздейміз» деген хабарландырудан кейін сынып жетекшісі хабарласты. Сергейден анықтап сұрасам, 19 маусымда ол бау-бақша суаратын үлкен су арнасына кішкене баланың құлап кеткенін көріп, бірден суға секіріп баланы құтқаруға ұмтылыпты. «Су суық екен, ағысы да бар. Бір қолыммен баланы ұстап, қарманып, әрең дегенде жағаға шығардым. Өзімнің суда жүзе алмайтынымды ұмытып кетіппін. Бар ойым баланы құтқару
болды. Үлкен кісілер жиналып жатты. Бір әйел адам менің атымды, қайда оқитынымды сұрады. Содан кейін мен жылдам үйге қарай жү-гірдім», – деді. Үйге келген соң да балам еш-теңе айтқан жоқ. Киімін ауыстырып, жылы оранып жатып қалыпты. Бір жағынан ұлымның батылдығына қуанамын, бір жағынан өзінің өмірін қауіпке тіккенін ойласам, бойым тітіркенеді. Ел ағалары ескеріп, баламды марапаттап жатыр. Ризашылығым шексіз. Балаларымыз қауіп-қатерден аман болсын лайым», – деді.
Қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ертай Дүйсебаев, С.Кудрявцев қатысатын каратэ секциясының жаттықтырушысы Рафаэль Райманов та батыл бала Сергейді марапаттап, құрбы-құрдастарына үлгі етті.