Ескелді ауданында 20-дан астам көше жөндеуден өтуде

Жауапкершілікті мойындарына алған бас мердігер «Талдықорған жолдары фирмасы» ЖШС. Жұмыс әуелде 15 маусым күні басталған. Аяқтау уақыты 25 қараша. Бас көшені мінсіз ету мақсатында қазынадан 475 млн. теңге қарастырылған.
Жолдың ені едәуір ұзарған. 10 метрді құрайды. Көшенің оң қапталынан жаяу жүргіншілер жолы жасалынған. Халықтың қуанышында шек жоқ. Әсіресе жүргізуші қауым дән риза. «Қыздың жиған жүгіндей» болған көше құрылысына жұмыспен қамту орталығы арқылы 15 адам тартылып, 10 шақты техника жұмылдырылған.
Аудан бойынша 18 көше «жұмыспен қамтудың жол картасы», 5-і «Ауыл-ел бесігі бағдарламасы шеңберінде жөндеуден өтіп жатыр. Атқарылған жұмыстар ел игілігіне жарағай деген ниет қана біздегі.