Кеңескен істе кемдік болмайды

Жиынға қала әкімі Б.Молдахметов, қала прокуроры Е.Бекманов, калалық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Б.Шалбаев Палата филиалының директоры Т.Жұмаділов және қаламыздың кәсіпкер азаматтары қатысты.
Кездесу барысында баға тұрақтылығы, жылу және электр қуаты тарифтері бойынша мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер жол, су мәселелерін, атап айтқанда өндірістік аймақтардағы жолдардың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Шағын және орта бизнестің өрісін кеңейту, бөлінетін мемлекеттік гранттарды алу шарттарында жергілікті жерлердің даму мүмкіндігін ескеру, сондай-ақ карантин кезінде кәсіпкерлік нысандарын және ондағы жұмыс орындарын сақтаудың экономикалық, әлеуметтік маңызы жайында айтылды.