«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Алматы облысы көлемінде дәріханаларға мониторинг жүргізуде

Осыған орай, пандемияның екінші толқынына даярлығын «мониторинг жүргізу» аясында Талдықорған қалалық дәріханалардың дәрі-дәрмек қорына, медициналық бетперде мен қолқаптың сатылымда болуына "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсе менеджерлері мен Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлерімен бірлесе мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсе менеджерлері және фармацевтикалық қызмет бөлім басшысы - Қадырбайқызы Айымгүл Талдықорған қаласы бойынша дәріханалардың пандемияның екінші толқынына даярлық кезеніңіне мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Облыста короновирусқа қарсы күрес шаралары жоспарлы түрде жүргізілуін «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жүйелі түрде мониторинг жүргізуде. Пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13 млрд.теңге, оның ішінде, екінші толқынға дайындық үшін 8.1 млрд.теңге бөлінді. Медицина мекемелерінде жеке қорғау құралдарының үш айлық қоры жасалса, дәрілік заттардың екі айлық қоры бар. Бүгінгі таңда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ, індеттің таралуына жол бермеу мақсатындағы жұмыстар бақылауда.
«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі