«Халық алғысы» медалі табысталды

Марапат иелеріне медальді қала әкімі Батыр Қайыркенұлы табыстап, ізгі тілегін жеткізді.
Бұл марапат – бүкіл әлемде орын алып отырған дертпен күресте халық игілігіне қызмет етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нағыз үлгісін көрсеткен жандардың орасан еңбектері мен ерліктерін бағалау болып табылады. Қиын кезеңде көмек көрсетіп, халықпен тығыз жұмыс атқарып, аянбай еңбек етіп жатқан азаматтардың, ортақ жеңісі.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді халқымыз. Сіздердің азаматтық істеріңізді дәріптеп, паш ету, көпке үлгі ету – біздің парызымыз.
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілейміз. Істеріңіз табысты, жемісті болсын. Ел алғысын арқалап, қоғамға қалтқысыз қызмет ете беріңіздер.