Ұстаз абыройы – асқақ

Мұғалімдер күніне орай Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов және мәслихат хатшысы Николай Калиновский педагогтарды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Ұстаз абыройы – асқақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз кеңесінде айтқан: «Мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды. Тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі» деген сөзін тілге тиек еткен қала әкімі жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, болашағына бағыт-бағдар сілтейтін ұстаздарға деген құрметтің арта беретінін алға тартты. Әсіресе, мұғалімдердің пандемия кезіндегі ерекше жағдайға тез бейімделе білген жаңашылдықтың үлгісін танытқан табандылығы мен еңбекқорлығын ерекше атап, ризашылығын жеткізді.  

Салтанатты шарада қала әкімі өңіріміздің білім саласының дамуына қосқан үлесі және жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі табысты еңбегі үшін бір топ озат мұғалімдерді марапаттап, алдағы қадамдарына жемісті жетістіктер тіледі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен №5 ОМ информатика пәнінің мұғалімі Рита Адамбекова, аталған министрліктің Алғыс хатымен №8 ОМ мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ләйлә Байбалиева, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен №5 ОМ педагог-психологі Ернар Мұсанов, №6 ОМ физика пәнінің мұғалімі Ғалия Бектасова, №2 балабақшаның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жаннат Ботантаева марапатталды. Қала әкімінің Құрмет грамотасын №4 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Әйгерім Бексұлтанова, №6 ОМ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғалия Алимбаланова, балалар шығармашылық орталығының директоры Светлана Бейспекова, №8 ОМ орыс тілі пәні мұғалімі Ләззат Ұлтарақова, №1 ОМ физика пәнінің мұғалімі Гүлбаршын Бектибаева, балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығының директоры Самат Жаңбырбаев иленді. 

Ұлжан Ұлдаханқызы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.