Ұшқыр ойдың ұшқыны

Қаламыздағы белсенді жастардың бірі Александр Плотниковтың бастамасымен көне кітаптарды жинап, сұрыптау және қалпына келтіру арқылы оларды халық назарына ұсыну жобасы көпшілік тарапынан қолдау табуда.
Ұшқыр ойдың ұшқыны

Жобаның негізгі мақсаты – құнды, тарихи еңбектерді көпшілік назарына шығару. Жоба қала тұрғындары тарапынан қолдау тауып, көптеген адамдар атсалысуда. Қазіргі таңда жобадағы кітаптар саны күннен күнге артып келеді. Әртүрлі жанрды қамтыған көркем шығармалар қала тұрғындарының көңілінен шығып, ықыласына бөленуде. Жоба ұйымдастырушысының айтуынша, бұл көптің игілігі үшін жасалып жатқан қадам. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жобаның қалай жүзеге асып жатқанымен бөлісіп, тұрғындардың ойын біліп, халықпен бір арнада жұмыс істеуде. Сондай-ақ, болашақта осы тектес өзге де игі шараларды қолға алуды жоспарлап отыр. 

Алуа ОСПАНЖАН, ЖУ журналистика факультетінің 2-курс студенті

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.