ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА СЕРВИСТІК ӘКІМШІЛІК АШЫЛДЫ

Кез кезген қызмет түрін тез арада жүзеге асыратын сервистік әкімшілікте 5 бөлім халық сұранысын жүзеге асырады. Бұл орталықта 7 маман халыққа 38 қызмет түрін көрсетеді. Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев арнайы келді. Ол өз сөзінде мұндай әкімшіліктер Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін сапалы жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетінін айтып өтті. Алматы облысында осындай 13 Сервистік әкімшіліктер ашылған болатын, осы жылдың соңына дейін қалған 7 ашылуы жоспарлануда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасы