Адалдық пен адамдық – қоғам айнасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес жуырда Текелі қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабы құрылды.
Адалдық пен адамдық – қоғам айнасы

Штаб жұмысына қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері тартылып отыр. Штабтың негізгі мақсаты – адамгершілік, ізгілік, адалдық ұлттық құндылықтарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Желілік кестеге сәйкес, штаб мүшелері тікелей эфирде халықпен тілдесіп, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру жайлы өз ойларын ортаға салуда. Атап айтқанда, «Адалдық – ардың ісі» тақырыбында Қазақстан Республикасының Еңбек үздігі, Текелі қалалық «Шарапат-Сауап» корпоративтік қорының төрағасы Б.Файзулла адалдық, парасаттылық, ізгілік ұғымдарына ұлттық тұрғыдан анықтама беріп, әділ қызмет, жаңарған қоғам бейнесі жайлы сұхбат барысында айтып өтті.

Сондай-ақ, қалалық аналар кеңесінің төрайымы, №5ОМ директоры Э.Иманбердиева «Мұғалім – мектептің жүрегі» атты тақырыпта эфирге шығып, жас ұрпақ бойына адамгершілік, жауакершілік, қарапайымдылық, адалдық, әдептілік, ұқыптылық сынды қасиеттерді дамыту-дағы ұстаздың рөлін айқындап, болашақ жастарды жемқорлықсыз әлемге баулудың негізгі қағидаларымен бөлісті.

Сәрсенбідегі сұхбатта Текелі қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының төрағасы Сері Болысбайұлы онлайн эфир арқылы жастармен тілдесіп, жемқорлықсыз қоғам құру, адалдық пен адамдық ұстанымдары жайлы ой тарқатты. Жас буын өкілдеріне ақыл-кеңесін айтып, мемлекет дамуы жолында аянбай қызмет етуге шақырды.

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. «Адалдық» деген сөз шын-шылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі құндылықтарды еске салады. Қазақ пайымында адам бойындағы адалдық, пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.

Шәкәрім айтқандай: «Орынсыз ұмтылудан сақтайтын алты түрлі ноқта бар: олар – ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық. Ең әділі – ынсап, өзгелердің тізгіні сонда болуға тиіс». Сонда ғана біздің қоғамның ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық, адами адал қасиеті мол болмақ.

Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.