Адам құқықтары қорғалады

Қазіргі таңда жаһандану үрдісі әйелдер мен ер адамдардың қарым-қатынасындағы ерекшеліктермен қатар олардың, дүниені қабылдаудағы мәдени тәжірибелерінің өзгешеліктерін зерттеуді қажет етеді.
Адам құқықтары қорғалады

Әрбір азаматтың өзін-өзі тану аумағының кеңеюі, адам құқықтары мен еркіндіктерін сақтауды және кемсітушіліктің барлық түрлерін жоюды көздеуі, гендерлік қатынастардың жаңа парадигмасының пайда болуы, әйел мен еркектердің тең мүмкіншіліктерін туғызу – жаңа демократиялық Қазақстанның қалыптасуының жарқын көрінісі. Осыған орай гендерлік теңдік идеологиясы, гендерлік сана мен гендерлік қатынастардың жаңа үлгісін жасау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Айталық, гендерлік индикаторлар әлеуметтік бағдарламаларға еңгізіліп, ал гендерлік саясат мемлекеттік саясаттың негізгі бір бөліміне айналғаны белгілі. Қазақстан Республикасындағы гендерлік білімнің өзектілігін біз мына үш аспектіден көре аламыз: Халықаралық келісімдер жетістігінің контекстінде. Гендерлік білімді дамытудың нормативтік негізін қалыптастыру контекстінде. Осы мәселемен айналысатын әлеуметтік институттардың қалыптасу мен даму контекстінде. Жалпы, халықаралық гендерлік тәжірибе мен стратегияларды зерттеу негізінде гендер ұғымы жекедаралықтан әлеуметтік-мәдени және саяси категорияға айналды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстанның халықаралық тәжірибеге қосқан үлесі, Гендерлік саясат тұжырымдамасы мен ҚР-ғы гендерлік теңдікті дамыту Стратегиясы негізінде гендерлік саясаттың ұлттық үлгісі жасалынды.

Біздің мақсатымыз: өткеніміз бен бүгінімізді сабақтастыратын, ертеңімізге еркін қадам жасайтын институт студенттері – қазақ қыздарының бойына қарапайым тұрмыстіршіліктің қыр-сырынан бастап, ұрпақ тәрбиесінің зор жауапкершілігімен бірге, ұлттық рух пен ұлттық сана, руханиадамгершіліктің сұрыпталған дәнін себу. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында арнайы ұйымдастырылған «Гендер» және «Қазақ аруы» атты арнайы курстарда студенттерге адамгершілік, имандылық, парасаттылық, елжандылық тәрбиесін берумен қатар, зиялылық, іскерлік, өнерді дәріптеушілік қасиеттерді дарытуға көп көңіл бөлінеді. «Гендер» арнайы курсы қыз балаларының табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, тұрмыстық, әлеуметтікқоғамдық ортада ер азаматтармен қарым-қатынастарын реттеуге болады. «Қазақ аруы» арнайы курсы гендерлік мақсатты негізге ала отырып, өркениеттік үлгідегі ойын ұлттық мүддемен байланыстыра білетін, мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы ұлттық ділмен ұштасқан, кәсіптік-педагогикалық имиджі қалыптасқан зиялы әйел тәрбиелеуге бағытталған. Арнайы курсының негізгі мақсаты: қоғамдық ортада азаматтық ұстанымы бар, жеке өмірінде отбасылық этноәлеуметтік рөлдерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, шынайы қазақ аруын қалыптастыру.

Е.Айдарханов, Текелі қалалық сотының аға приставы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.