Жаңа әкім жұмысын бастады

Амандық Ғаббасұлы: «Текелі қаласы – бұл ұзақ тарихы және өзіндік ерекшеліктері бар қала. Берілген сенімді барынша ақтау үшін мұнда толық жауапкершілікпен жұмыс істеу керек. Меритократия қағидасы бойынша қала әкімі қызметіне Батыр Молдахметовты ұсындым. Ол мұнда үш жылдай жұмыс істеген. Демек, халық оны жақсы біледі және қалада болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар. Жинақталған тәжірибе мен білім оған ең алдымен осы әдемі қала тұрғындарының пайдасына бағытталған барлық міндеттерді жауапкершілікпен және тиімді орындауға көмектеседі деп сенемін. Қажетті қолдау біздің тараптан көрсетілетін болады» –деп сөзін түйіндеді. Сондай-ақ, Бақтияр Өнербаевқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.
Жаңа тағайындалған қала басшысы Елбасы мен Мемлекет басшысының саясатын жүргізіп, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің одан әрі дамуына және облыс басшылығының тапсырмаларын сапалы орындау үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.