«QYZMET LIVE» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ!

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.
Осыған байланысты, аталған тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен Текелі қаласы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес, Tekeli Ákimdigi фейсбук парақшасын арқылы әр бейсенбі күні сағат 11:00-де бөлім басшыларының қатысуымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы тікелей эфир өткізіледі.
Бұл жоба қызмет берушілердің әлеумет-тік желілер арқылы көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат ұсынуға бағытталған.