«SARS» атопиялық пневмониясының алдын алу шаралары

Атопиялық пневмония – жоғары тыныс алу жолдарын зақымдайтын жіті инфекциялық ауру. Инфекцияның қоздырғышы – бұл коронавирустар тобына жататын вирус. Атопиялық пневмония ең алғаш 2019 жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасында (Ухань қаласында) тіркеле бастады.

Аурудың негізгі белгілері

«SARS» атиптік пневмониясы жедел басталуымен, қалтырауымен, дене қызуының жоғарылауымен (380 С жоғары), бас ауруымен, тамақтың жыбырлауымен сипатталады. Науқас адамда әлсіздік және бұлшық еттердің ауырсынуы байқалады. Ары қарай жалпы науқастың жағдайы нашарлап, әлсіздік артады, өкпенің қабынуы пайда болып, құрғақ жөтел және тыныс алудың қиындауы, тыныс алудың жиілігі артады. Аурудың басқа белгілері байқалуы мүмкін жүрек айну, құсу және диарея. Аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі 2-10 күнді құрайды, орта есеппен 3-5 күн.

 Инфекция науқаспен тығыз байланыста болған уақытта ауалы-тамшы арқылы беріледі. Инфекцияны жұқтырудың ең үлкен қаупі медицина қызметкерлері мен басқа да науқасқа күтім көрсететін күтушілер.

ҚХР-да (Қытай Халық Республикасында) іс-сапарда немесе іс-сапардан оралған адамдарда аурудың алғашқы белгілері пайда болса, олар дереу медициналық көмекке жүгінуі керек.

Алдын алу шаралары

Аурудың алдын алу үшін жұмыс орындарын және тұрғын үй-жайларды үнемі жел-детіп отыру, ағымды тазарту жұмыстарын жүргізу, жеке бас гигиена ережелерін сақтау, иммунитетті көтеруге дәрумендер қолдану ұсынылады.

«SARS» жұқпасының алдын алу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға шұғыл қажеттіліксіз Қытай Халық Республикасына бармауға кеңес береді.

Қытай Халық Республикасына барған уақытта қажет болған жағдайда, қорғаныс маскаларын қолдану және жаппай жиналатын жерлерге барудан бас тарту ұсынылады.

Ж.Мұсабеков, «Текелі қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ басшысы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.