Жетісу облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру жүзеге асырылуда

«Жалпы, біздің облыста жемқорлықтың сегіз бағыты қамтылды. Атап айтсақ, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау, фискалдық сала, экология, жол, бизнес, спорт салалары. Осы ретте картада көрсетілген әрбір сала бойынша департамент тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бірінші жартыжылдықта қамтылмаған салаларға баса назар аудара отырып, алдағы кезеңге арналған міндеттермен өңірдің тәуекелдер картасы бойынша жұмыс айқындалды. Олар:
- экология саласы – құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру бөлігінде;
- инфрақұрылым саласы – су, жылу, газбен жабдықтауға, кәріз-тазарту желілеріне қаражат жұмсау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жем-қорлық фактілерінің жолын кесу мақсатында өңірде мониторингтеуді және жедел сүйемелдеуді жалғастырамыз», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Саян Қылышұлы.