Науқаншылдыққа жол жоқ

Әкімдіктің жиын залында қала әкімі Бахтияр Өнербаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Науқаншылдыққа жол жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес күн тәртібінен түспейтінін, орталық және жергілікті органдардың жұмысы бойынша жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісіне сарапшылар мен бірге қоғам өкілдерінің де атсалысуы керектігін атап айтты. Бұл тұрғыда жоба-жоспарлардың іске асырылуына бағытталатын қаржыларды игерудегі ашықтық, әсіресе, мемлекеттік сатып алу мен тендерлердің заң аясында әділ жүзеге асырылуы, сондайақ, мемлекеттік қызметшілердің міндетіне адалдығы мен қоғам мүшелерінің жемқорлыққа қарсы ортақ көзқарасы маңызды рөл атқарады. Осыны алға тартқан қала әкімі мемлекетіміздің дамуына, халқымыздың өркениетті елдер қатарына қосылуына кедергі болатын жемқорлықпен күресте науқаншылдыққа жол бермеу, ымырасыз қарсы тұру, мемлекетке адал қызмет ететін шынайы болмыспен жас ұрпаққа үлгі-өнеге болудың өзектілігіне маңыз берді.

Жиында қалалық аурухананың мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарын сақтау бойынша ақпараты тыңдалып, аталған ведомствоаралық комиссияның мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2019 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланып, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.

Бекітілген жұмыс жоспарына сай, барлық мемлекеттік мекемелердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспары әзірленіп, міндетті түрде қала әкімінің ресми сайтында жариялануы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарын іске асыру бойынша есебін мерзім бойынша көрсету тапсырмасы жүктелді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.