Әдептілік – адам көркі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілеріне Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру және заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Әдеп кодексінің талаптарын зерделеу» тақырыбында Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Т.Сарыбаевтың қатысуымен онлайн семинар өтті.
Әдептілік – адам көркі

Жиынға қала әкімі Б.Өнербаев және мемлекеттік қызметшілер «Zoom» платформасы арқылы онлайн байланысқа қосылып, Текелі қаласы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Б. Молдахметов туындаған бірқатар сұрақтар бойынша өз пікірін ортаға салды.

Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Т.Сарыбаев қатысушыларға жаңа заңамалар негізінде ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар жайлы ақпарат беріп, Әдеп кодексі талаптарының негізгі бағыттарын түсіндірді.

«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дейді Алаш арысы Әлихан Бөкейхан. Сондықтан, мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерді бағындыруды көздеген әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдардың талаптарын мұқият сақтап, елінің өркендеуіне зор үлес қосуы қажет.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.