Кітап оқып, сыйлық ал
Кітап оқудың ұшан-теңіз пайдасын сөзбен айтып қана қоймай, іс жүзінде қажетімізге жаратсақ тамаша емес пе?! Мектеп оқушылары бүгіннен бастап қысқы демалысқа шықты. Демалыста қыдырып, далада ойнап келген соң ұялы телефонның шырмауына түспей, бір мезгіл кітап оқуға көңіл бөлген бала жаңа тоқсанға мол байлықпен қадам басады. Оқушының таным көкжиегі кеңейіп, сөздік қоры көбейеді.

Қымбатты балалар!
Сендер не оқимын деп уақыт өткізбес үшін кітапханашы апайлардан көмек сұрадық. Олар үлкен, орта және кіші топқа арналған әдебиеттер тізімін ұсынды. Бұл кітаптарды Текелі қаласы, Қазақстан көшесі, 23-үйде орналасқан Балалар кітапханасынан келіп алуға болады. Осы тізімнен өз жасына лайық кітаптарды оқып, сұрағымызға жауап берген оқушыларға сыйлығымыз бар. Кітап оқы да, 87772568678 телефон нөміріне хабарласып, сыйлығыңды алуды ұмытпа!