Саябаққа сән қосады

Өткен аптада қала әкімі Бахтияр Өнербаев орталық саябақта салынып жатқан амфитеатрдың құрылыс жұмыстарын көріп, мердігер компанияға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Саябаққа сән қосады

Қаламыздың мәдени дамуын ілгерілету, спорттық және туристік әлеуетін арттыру мақсатында қолға алғынған игі жұмыстардың бірі – орталық саябақта салынып жатқан аспан астындағы ашық театр ғимараты. 228 орынды театрдың жалпы аумағы 3600 шаршы метр. Онда адамдар ашық аспан астында демалып, мәдени, спорттық шараларды, әртүрлі мерекелік қойылымдарды тамашалай алады. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған, қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде. Яғни, алдағы уақытта мемлекеттік, ұлттық және кәсіби іс-шаралар, шығармашылық фестивальдер, байқаулар, спорттық жарыстар осы жерде өткізілетін болады.

Жаңа нысан жыл өткен сайын түлеп, түрленіп келе жатқан қаламыздың ажарын асырып, қала тұрғындары мен қонақтарға мәдени-демалыс қызметтерін көрсету саласын кеңейту және сапасын жақсарту ісіне тың серпін беретіні сөзсіз.

Құрылыс басына барған қала әкімі ондағы жұмыстардың қазіргі қарқыны мен сапасына баса назар аударып, нысанның барлық техниналық, көркемдік, эстетикалық талаптарға сай болуын және келісімшартта белгіленген мерзімде пайдалануға берілуін қадап тапсырды.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.