Әлеуметтік еңбек саласының үздігі

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Алма Мұханғалиқызы Нұрмыханова марапатталды.
Әлеуметтік еңбек саласының үздігі

Қала әкімінің міндетін атқарушы Сері Болысбайұлы төсбелгіні табыстап, әлеуметтік саладағы үздік қызметі мен жүктелген міндетін жоғары жауапкершілікпен атқарғаны үшін иеленген абыройлы жетістігіне ризашылығын жеткізді.

«Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – қаламыздағы ірі әлеуметтік нысандардың бірі. Асыраушысынан айырылған қарт кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін орталықта 240 адам жұмыс істейді. «Адам қартайғанда бір бала» дегендей, жарым көңіл қариялардың, жарымжан адамдардың қалауынан шығып, денсаулығын жақсартып, өмірін баянды етуге бағытталған жұмыстар ізгілік пен бауырмалдылықты, шынайы сүйіспеншілікті талап етеді. Н.Нұрмыханова 2012 жылдан бері үлкен ұжымды осынау жауапты жұмысқа жұмылдырып, жемісті еңбек етуде.  

Қол жеткізген жетістіктері үшін Елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен және «Шапағат» медалімен марпатталған орталық басшысы 2019 жылы «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісін иеленді.  

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.