Газ тарту жұмысы жалғасуда

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында: «Елді газбен қамтамасыз ету де – өзекті мәселе» деп газ өңдеу мен оны елге жеткізу мәселесіне ден қойды. Текелі қаласына газ тарту газ құбырын және газ тарату желілерін тарту жұмыстары былтырғы қазан айында басталған болатын. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Газ тарту жұмысы жалғасуда

Тұрғындарға көгілдір отын жеткізу бойынша іргелі жобаны Жетісу облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен «Әлия Сервис» ЖШС атқарып жатыр. Бүгінгі таңда барлығы 194,307 км. газ құбырының 81 км салынды. Оның ішінде 60,4 км. жоғары және төмен қысымды болат құбыр, 20,6 км. жоғары және орта қысымды полиэтилен құбыр бар. 50 газды реттеу пункті (24 – ГРПШ, 26 – ШРП) орнатылды. 176 көп қабатты үйге газ тарату желілері тартылды. Мердігер серіктестік мамандарының айтуынша, қала бойынша бірнеше телімде 75 жұмысшы, 17 техника жұмыс істеп жатыр. «Жұмыс барысында, әсіресе, жер астына құбыр орнату үшін үшін қазғанда басқа коммуналдық желілер тарапынан кедергілер болып тұрады. Кейбір тұрғындар да өз ұсыныс-тілектерін айтып жатады. Тапсырыс берушімен келісіп, туындаған мәселені шешіп, жұмысты үздіксіз жалғастырып жатырмыз», – дейді олар.

Осы аптада Текелі қаласының қоғамдық кеңес мүшелері мен қала әкімдігінің жауапты мамандары газ құбырын және газ тарату желілерін тарту жұмысын атқарып жатқан мердігер компания басшыларымен кездесіп, жұмыс барысында туындайтын түйткілді мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын тал-қылады.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.