Тәулігіне 20 мың маска тігуде

Сәрсенбіде «Техно Авиа Груп» ЖШС іске қосқан тігін цехының басшысы Айнагүл Бәделхан қалалық полиция бөліміне 1000 маска тарту етті.
Тәулігіне 20 мың маска тігуде

Тәжтажалдың таралмауы, халықтың денсаулығы бүгінгі таңда тұрғындардың көкейінде тұрған мәселе. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, жұқпалы індеттен қорғанудың бір жолы – маска тағу. Қоғамдық орындарда әрдайым маскамен жүру – өзіңіз үшін де, өзге үшін де пайдалы. Коронавирус басталғалы оның таралуын тежеп, түп-тамырымен жойып жіберу үшін «Біз біргеміз!» акциясы аясында ел болып қыруар шаруа тындырылып келеді. Осы орайда тігін цехы да сауапты істен құр қалмай қалалық полиция бөліміне 1000 масканы сыйға тартты. Цех басшысы Айнагүл Сұлтанқызының айтуынша бүгінде цех екі ауысымда жұмыс жасауда. Күндізгі ауысымда 47 адам, ал кешкі ауысымда 30-ға жуық адам еңбекпен қамтылған. Тәулігіне бір рет пайдалануға арналған 20 мың маска және 2 мың халат тігілуде. Сондай-ақ, кешкі ауысымға жұмысшы қабылданатынын тілге тиек етті. Жалақысы жасалған жұмыс көлеміне сай есептеледі.

Нұржан Махаббатқызы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.