Өз өмірің – өз қолыңда
Қаламыздың ерікті жастары карантин режимін қатаң сақтау шараларын қамтамасыз ету мақсатында қала тұрғындарына ақпараттық үнпарақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, қоғамдық орындарда карантин талаптарын орындау бойынша нұсқаулықтар ілінді:
Құрметті текеліліктер, келесідей қойылған санитарлық талаптарды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз:
– қоғамдық орындарда маска киіп жүру;
– адам көп шоғырланған жерлерге бармауға тырысу;
– ауру белгілері, дене қызуы байқал-ған жағдайда жедел жәрдем шақыру;
– қолды жиі жуып, антисептик пайдалану.
Денсаулық – зор байлық. Денсаулығымыз өз қолымызда екенін естен шығармайық!