Көшеде маска тағу міндеттелді

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қорғаныс маскаларын кию ережелері анықталған жаңа қаулыға қол қойды. «Қазақстан Республикасының Бас мем-лекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы бекітілді.
Көшеде маска тағу міндеттелді

Құжатта міндетті түрде маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып  халықтың тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат берілгені туралы хабарланады. «Халыққа қорғаныс маскаларын кию міндетті: жабық жерлерде (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, Халыққа қызмет көрсету ұйымы және т.б.), сондай-ақ көлік пен көшеде болған кезде барлық адамдар; COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде сау адамдар; коронавирустық инфекцияға ұқсас аурудың белгілері бар адамдар (дене температурасының жоғарылауы, жөтел, түшкіру)», - делінген жаңа қаулыда.

Яғни, мұнда адамды бұл міндетті орындауға міндеттейді және бұзушылық болған жағдайда кінәлілерге әкімшілік шаралар қолданылады.

«Тұрғындар арасында инфекция қаупін азайту үшін жабық бөлмелерден тыс (көшеде) қорғаныс маскаларын кию ұсынылады. Мақсаты – адамдарды ықтимал жұқтырған қолдарымен бет бөліктеріне (мұрын, ауыз) кездейсоқ тию-ден қорғау. ДДСҰ мәліметтері бойынша адам минутына орта есеппен 3-5 рет бетіне қол тигізеді екен, бұл процес ластанған қолдармен инфекцияны ішке өткізу қаупін арттырады», – деп атап өтті Есмағамбетова.

ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цой 2020 жылғы 5 шілдедегі «санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізді.

7) қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте, бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, медициналық немесе мата маскаларын кию міндетті болып табылады, сондай-ақ, әлеуметтік қашықтық сақталған кезде қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайлары;

9) қоғамдық орындарда ашық ауада медициналық немесе мата маскаларын кию міндетті болып табылады, бұған бес жасқа дейінгі балалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен айналысатын адамдар кірмейді, — делінген жаңартылған құжатта.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға маска кию міндеттелмейді деп мәлімдеді.

 

Кімдерге маскасыз жүруге рұқсат етіледі?

Далада 5 жасқа дейінгі балалар және спортпен айналысып жүргендерге маска тақпауға рұқсат етіледі. Ал топтық жаттығу жасағанда 5 адамнан артық жиналуға болмайды. Азаматтар өздерінің жеке көлігімен қатынаған кезде, жер үйдің ауласында серуендегенде маска тағудың қажеттілігі жоқ. Алайда көпқабатты тұрғын үйдің маңында маскасыз жүруге болмайды.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.