Жүрек жылуы

Қазақстан Халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық «Мың алғыс» акциясы аясында және «Құрбан айт» мерекесіне орай құрбандық шалынып, көпбалалы отбасылар мен оқшауланған медицина қызметкерлеріне құрбандық еті таратылды.
Жүрек жылуы

Аталмыш шараға Текелі қаласының ерікті жастары да өз үлестерін қосып, белгіленген мекенжайларға ет өнімдерін жеткізуге көмек көрсетті. Құрбандық шалу рәсімі барлық белгіленген алгоритмге сәйкес жүзеге асты.

Барша құрбандық шалып, ізгі амал жасап, қайырымдылық жасаған жомарт жандардың ниеті қабыл болсын.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын  ағайын!

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.