Жомарттық – адам жанының нұры
Текелі қаласының «Керімбек би» мешіті жамағатының бастамасымен қалалық ауруханасына оттегі концентраторы, қорғаныс киімдері (10 дана), қорғаныс бетперделері (5 дана), респиратор KN 95 (50 дана) сыйға тартылды.

Құрбан айт мейрамы қарсаңында игі шараны қолға алып, өз қолдарынан келген көмегін көрсетіп жатқан мешіт жамағатының қайырымдылығы – береке-бірліктің үлгісі.