«Еңбек даңқы» төсбелгісін тақты

«Металлургтер күні» кәсіптік мерекесіне орай Текелі кенді қайта өңдеу кешенінің қызметкерлері Гүлнәр Қозайдарқызы Досмырзанова мен Ольга Васильевна Бурцева Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін тақты.
«Еңбек даңқы» төсбелгісін тақты

Кезінде қалақұрушы кәсіпорын атанған, бүгінде қайта түлеп, қаламыздың экономикалық, әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан іргелі кәсіпорын-ның қос нәзік жанды азаматын жемісті жетістіктерімен құттықтаған қала әкімі Бахтияр Өнербаев: «Тау-кен өндірісі саласында ерлермен қатар жүріп, табандылықпен еңбек ету оңай емес. Сіздер, еңбекқорлық пен тәртіптің үлгісін көрсетіп келесіздер. Осы салада жинаған мол тәжірибелеріңізді жастарымыздың бойына сіңіріп, аға буын мен жаңа буын арасындағы сабақтастықты бекемдеуге өз үлестеріңізді қосып жүрсіздер, бұл – өте маңызды үдеріс, еңбектеріңіз елеулі. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін» деп ізгі тілегін жеткізді. Еске сала кетсек, Г.Досмырзанова 1986 жылдан бері кен байыту комбинатында технолог болып қызмет етіп келеді. О.Бурцева да осы салада 20 жылға тарта еңбек етіп келе жатқан білікті маман.                

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.