Ұлжанның есімі «Алтын кітапқа» енді

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен байқауға қатысып, жеңімпаз атанған Ұлжан сондай-ақ, Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көшбасшылық қабілетін көрсете білгені үшін Қазақстан Республикасы Жастарының «Алтын төсбелгісіне» ие болды.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн! – деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай, осындай бола-шағынан зор үміт күттіретін жастарымыздың барына қуанамыз.
Әріптесімізді осындай жоғары марапатымен құттықтай отыра, әрдайым арманың асқақ, жетістігің мол, мерейің қашанда үстем болсын деп тілек білдіреміз!