Жомарттық – жақсы қасиет

2014 жылы құрылғаннан бері қайырымдылық қоры талай жанның көңіліне демеу болып, көмек қолын созудан жалыққан емес. Елімізде болып жатқан ахуалға бей-жай қарамай өздерінің тамшыдай болсын үлестерін қосып жүрген жомарт азаматтар тұрғындарға маска үлестіріп, сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды.
Сондай-ақ, «Бәріміз біргеміз, қиындықты бірге еңсереміз» деген берік бірлікті, сенімді ту еткен осынау адамгершілікті іске қаламыздағы белсенді азаматтар, қайырымдылық қорлар мен ерікті жастар атсалысуда.