Жаңа шамдар жарқырайды

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгінде қаламыздың 8 көшесін жарықтандыру жұмыстары белсенді атқарылуда.
Жаңа шамдар жарқырайды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше қалада «Көше жарығын ағымдағы жөндеу» жобасы жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстарына «Талдықорған-Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты. Тамыз айының соңына дейін қаланың 8 көшесіне атап айтсақ, Пушкин (1450 м), Алматы (1000 м), Достық (623 және 370 м), Абылай хан (340 м), Төле би (370 м), Толстой (885 м), Төлебаев (545 м) және Керімбек (Қонаев көшесінен Қаратал көшесіне дейін 455 м) көшелері, жалпы ұзындығы 10191 метр көшеге жарық орнату толығымен аяқталады деп күтілуде. Бүгінде Алматы көшесінің бойына баған тұғырлары мен Пушкин көшесіне  шам бағандары орнатылуда.         

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.