Көксу ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуда жақсы көрсеткіштер көрсетуде

Көксу ауданында биылғы жылдың үш айы бойынша 3,5 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығының өнімі, 10 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Көксу ауданының әкімі Марлан Көлбаев Өңірлік коммуникациялар алаңында ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын айтып берді.
Көксу ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуда жақсы көрсеткіштер көрсетуде

«Бүгінгі күнге дәнді дақылдар 5805 гектарға  себілді. Бұдан басқа дәнді жүгері, майлы дақылдар және картопты себу жұмыстары жалғастырылып келеді. Меншіктің барлық түрінде мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жалғастырылып, мал бастарының саны өсіп, мал өнімділігі артты», - деді Марлен Қапашұлы.

Сондай-ақ, биыл зауыт 200 мың тоннадан астам қант қызылшасын қабылдауды жоспарлап отыр. 1 тонна қант қызылшасын 40 мың теңгеден қабылдайды, оның сыртында қосымша тасымалдау жол ақысы төленеді. Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте 6166 адам жұмыс жасайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 40 млрд. 816 млн. теңгеге жетті.

Сонымен қатар 5 елді мекенде Жамбыл, Бесқайнар, Мәмбет, З. Тамшыбай және Мұқыры ауылдары газ тарату желілерінің құрылысы аяқталып газ жүйесіне қосылды. Сондай-ақ, 3 елді мекенде газ тарату желілерінің құрылысы аяқталуда.

«Жол жөндеу, жарық жүргізу, құрылыс жұмыстарына да бюджеттен ақша бөлінді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша  жолдың сапасы 85 пайыз көрсеткіш көрсетті. Биылғы жылдың жұмыстарын аяқтайтын болсақ, көрсеткішіміз 95 пайызға дейін көтерілетін болады. Тұрғын үй құрылысы бойынша қазір 7-8 қабатты 60 пәтерлі екі үйдің құрылысы жүрп жатыр», - деді аудан әкімі.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.