Су – тіршілігіміздің тірегі

Бағдарлама аясында қолға алынған жөндеу жұмыстары жалғасуда. Яғни, аталған көше бойындағы арық тұтастай аршылып, жаңадан су науалары қойылуда. Бұл жол бойындағы арықтардағы судың іркіліссіз ағуына жағдай жасап, судың жерге сіңіп ысырап болуының алдын алады. Жөндеу жұмыстарына қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 16 қала тұрғыны жұмысқа тартылған.
Еске сала кетсек, қаладағы жеке үйлерде тұратын тұрғындар үй жанындағы бау-бақшасын осындай арықтардан келетін су арқылы суарады. Сондықтан, үйдің жанынан өтіп жатқан арықтардың тазалығына мән беру, арық ішіне қоқыс тастамау, судың жан-жаққа бейберекет ағып кетуінің алын алулары керек. Себебі, арықтардың тазаланбауынан су жерге сіңіп не басқа жаққа ағып кетіп, арық суы жетпеген кей тұрғындар бау-бағын ауыз сумен суаруға мәжбүр болуда. Соның салдарынан ауыз су құбырындағы қысым төмендеп, биікте орналасқан үйлерге жаз мезгілінде су шықпай қалуы мүмкін. Демек, арықтарды жаңғырту тұтас қала халқының мүддесіне қатысты маңызды түйін, мұны түсіне білуіміз, үйімізге тіршілік нәрін жеткізіп тұрған арықтардың тазалығы мен іркіліссіздігін назарда ұстауымыз керек.