Санитарлық пост қойылды

Қауіпті індеттің таралуының алдын алу мақсатында қалаға кіреберісте санитарлық пост қойылды. Енді қалаға кіріп-шығатын азаматтардың барлығының дене қызуы тексеріліп, мекенжайы бойынша тіркелетін болады.
Санитарлық пост қойылды

Мұның барлығы қауіпті індеттің таралуының алдын алу, азаматтардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Баршаға белгілі, қазір еліміздегі эпидемиологиялық жағдай күрделеніп, індет жұқтырғандардың саны артуына байланысты шілденің соңына дейін екі апталық қатаң карантин режимі енгізіліп отыр. Сондықтан, адамдар карантин талаптарына немқұрайды қарамауы, ең алдымен, белгіленген санитарлық ережелерді қатаң ұстануы, маска тағуы, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы, жекебас гигиенасына мән беруі, топтасып жиналмауы керек және бұл бұлжымайтын қағида болып қалыптасуы тиіс, сонда ғана індеттің өршуіне тосқауыл қоя аламыз. Қазір әлемді алаңдатып отырған эпидемияға қарсы вакцина әлі табылған жоқ, демек, тығырықтан шығудың бірден-бір жолы алдын алу шараларын мықты ұстану, әрбір адам өзін қадағалуы, мүмкіндігінше оқшаулануы керек. Қалаға кіреберіске санитарлық постың қойылуы да осы мақсатты басшылаққа алған. Ендеше, азаматтарымыз қолға алынған қатаң карантин шараларына түсіністікпен қарап, біздің қауіпсіздігіміз үшін күндіз-түні күзетте тұрған дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы және қалалық әкімдік өкілдерінің жұмысын қолдап, сақтық шараларына мән бергені жөн.  

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.