Дезинфекция жұмысы қарқынды

Текеліде күнделікті сағат 8.00-15.00 аралы-ғында, автобус аялдамаларында, балалар алаңдарында, алаңдарда, ескерткіштерде, орындықтар мен көшелерде санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде.
Дезинфекция жұмысы қарқынды

Дезинфекция жұмыстарына көшелерді дезинфекциялауға 2 арнайы техника және 17 адам тартылған. Қаладағы дезинфекциялық жұмыстарды «Дарис» компаниясы жүргізеді. Санитариялық-дезинфекциялық жұ-
мыстар қаланың барлық шағын аудандарын (Алатау, Достық, Металлург) және балалар ойын алаңдары мен халық көп шоғырланатын нысандарды толық қамтыған. Аталған аудандарда күніне 3 рейстен 2 арнайы техникамен дезинфекция шаралары жүргізіліп жатыр, яғни жалпы есеппен санағанда 2 арнайы техниканың жасап жатқан жұмыс қуаты 9-10 техниканың жұмысына тең келеді. Қаланы дезинфекциялау жұмыстарына тартылған 1 арнайы техникадағы су сыйымдылығы 14 тоннаны құрайды. Жоғарыда айтылып өтілген жауапты компания өкілдерінің қызметкерлері күнделікті арнайы қойылған уақыт аралығында қала көшелері мен нысандарды залалсыздандыру шараларын жүргізетін болады.

Құрметті қала тұрғындары!

Сақтық шаралары мен карантин режимін қатаң сақтап, жасалып жатқан шараларға түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.