Спорттық ойын алаңдары ашылды

4 шілдеде Елорда күні қарсаңында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Төле би көшесі, 31 тұрғын үй маңындағы әмбебап спорт алаңы ашылды. Қала әкімі Бақтияр Өнербаев осы көшеде тұратын балаларға баскетбол және футбол доптарын табыс етті.
Спорттық ойын алаңдары ашылды

Бұл жобамен «Элит Строй 2000» ЖШС айналысты. Тұрғындардың шағын футбол, баскетбол, спортпен шұғылдануына арналған спорттық алаңдары жас өскіннің денсаулығы мықты, шымыр болуына ықпал етері сөзсіз.

Осы орай, бір айта кетерлігі, қала бойынша барлығы 22 балалар ойын алаңы жаңартылады.  Қазіргі уақытта  Қора, Жеңіс, Гагарин және Абылай хан көшелерінің бойындағы 4 нысанның құрылысы жүргізілуде.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.