Азаматтардың онлайн карта арқылы бюджет қаражаттарын қадағалауға мүмкіндігі бар

Бүгінгі күні Карта қоғамдық бақылау мен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың пәрменді тетігіне айналды.
Бұл бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын ТМД кеңістігіндегі бірегей жоба екендігін айта кету керек.
Аталған Карта нақты уақыт режимінде бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді халыққа қолжетімді нысанда көрсетеді, осылайша мемлекеттік шығыстарды бақылауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі барлық мүдделі азаматтарды онлайн режимде Карта мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға шақырады.