Әлеуметтік қолдау

Әлеуметтік қолдау шаралары мемлекеттен:
1) 100 еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсыну ретінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қолдау шараларын алған мамандар, ауылдық елді мекенде кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі.
Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша кеңес алу үшін «Текелі қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну қажет. Мекенжайы: Абылай хан көшесі 34, байланыс телефоны 8 (72835) 4-31-73.