Нұр-Сұлтан – Қазақстанның жаңа келбеті

Қазақ драма театры
Мәдени ошақтың жалпы ауданы шамамен 20 мың шаршы метрді құрамақ. Ал учаске ауданы – 6 гектар.
Құрылыс жұмыстарын италиялық, швейцариялық және албаниялық компаниялары бірлесе атқаруда. Үлкен зал 640 орынға, кіші зал 202 орынға есептелген. Жаңа қазақ драма театрының құрылысына шамамен 27 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
Болашақта мәдени ошақ аумағында салаға елеулі үлес қосқан белгілі тұлғаларға арналған ескерткіштер аллеясын орнату жоспарланған.
Жерүсті метро
Жерүсті метро жолының ұзындығы 22,4 шақырымды құрап, оған 18 станса салынбақ. Болжам бойынша жаңа технология арқылы күніне 146 мың адам қатынайтын болады. Қоғамдық көліктің жаңа түрі жоға-
ры жылдамдықпен қозғалмақ. Астаналықтарға бас-аяғы 19 пойыз қызмет етіп, Елорданың әсем тұстарын басып өтеді.
Жеңіл атлетика манежі
Тұран даңғылында салынып жатқан жеңіл атлетика манежі 7 000 көрерменге арналған. Онда жеңіл атлетикадан әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады. Бұл барлық инфрақұрылымы, соның ішінде қонақ үйі бар кешен болады деп жоспарлануда.