Астана күніне мерекелік тарту

Астана күніне орай қаламыздағы бірқатар спорт алаңдарына жөндеу жұмыстары жасалып, қала тұрғындарына тамаша тарту жасалмақ.
Астана күніне мерекелік тарту

«Элит-Строй 2000» ЖШС мердігерлік компаниясының директоры Стас Шинкаренконың мәліметінше, «Текелі қаласындағы спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу» жобасын жүзеге асыруға мамыр айының екінші жартысында кіріскен. Олар: Әл-Фараби, Төле би, Жеңіс, Сәтбаев, Кошевой және Бөлтірік шешен көшелеріндегі спорт алаңдары. Жөндеу жұмыстарына бетон негізі, торды ішінара ауыстыру, футбол қақпалары мен баскетбол сақиналарын ауыстыру жұмыстары кіреді екен. Сондай-ақ, Әл-Фараби, Төле би, Жеңіс, Сәтбаев көшелерінде қосымша арнайы жұмсақ жабын төсеу қарастырылған. Келісімшарт бойынша жөндеу жұмыстары 15 шілдеде аяқталуы тиіс. Бірақ, С.Шинкаренко текеліліктерді мерекеге арнап қуанту үшін барлық жұмыстарды ертерек аяқтауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Жоба «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынып, мұнда барлығы 11 текелілік еңбекпен қамтылған.

Нұржан Махаббатқызы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.