Бала – болашағымыз

Өтіп бара жатқан жылдың ең бір сүбелі қадамдарының бірі Балалар жылы аясында қолға алынған істер екені рас. Балаларға көрсетілетін қамқорлық осы жылы еселей түсті. Әсіресе, көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша көңіл бөлінді. Мектепте ыстық тамақпен қамту, жазғы демалыстарын әсерлі ұйымдастыру, спортпен шұғылдануларына жағдай жасау сияқты қолдаулар жалғасын тапты. Желтоқсан айынан бастап Текелідегі мектеп оқушылары мен колледж студенттері қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік алды.
Бала – болашағымыз
  • Текелі қаласында 2022 жылы 425 нәресте дүниеге келді, оның бесеуі егіздер.
  • 1242 бүлдіршін балабақша мен мектеп жанындағы шағын орталықтарға барып жүр.
  • Биыл 526 ұл-қыз мектеп табалдырығын аттады, мектепте оқитын барлық оқушы саны – 4743.
  • Мектеп түлектерінің 38-і колледждің, 121-і жоғары оқу орындарының студенті атанды.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.