ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және 2023 Жаңа жыл мерекелеріне орай қала кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің ғимараттары мен іргелес аумақтарын, сондай-ақ шағын және орта бизнес объектілерін үздік мерекелік безендіруге арналған қала әкімінің сыйлығына қалалық байқау өткізу туралы
ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже ҚР Тәуелсіздігі және жаңа 2023 жылды мерекелеу шеңберінде қала кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің ғимараттары мен іргелес аумақтарын, сондай-ақ шағын және орта бизнес объектілерін Үздік мерекелік безендіруге арналған қалалық конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Объектілер мен іргелес аумақтарды үздік мерекелік безендіруге конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- «Ғимараттар мен іргелес аумақтарының Үздік мерекелік безендірілуі»

1.3. Байқау жеңімпазы үшін әр номинацияда үш жүлделі орын беріледі (I. II. III орын).

1.4. Конкурс жеңімпаздары тиісінше бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

1.5 Әділ қазылар алқасы үш ынталандыру сыйлығын бөлуді өз құзырына қалдырады.

ІІ. Мақсаты мен міндеттері

2.1. Күндізгі және кешкі-түнгі уақытта қаланың эстетикалық мәнерлілігі мен сыртқы келбетін жақсарту.

2.2. Мереке алдындағы және мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік атмосфера мен қолайлы көңіл-күй жасау.

ІІІ. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Конкурс 29.11.2022 жылдан 25.12.2022 жылға дейін екі кезеңде өткізіледі:

1 кезең – 1-15 желтоқсан 2022 ж.

2 кезең – 20-25 желтоқсан 2022 ж.

3.2. Конкурсқа қатысу үшін меншік нысанына қарамастан қаланың барлық кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдары, жеке кәсіпкерлер шақырылады.

3.3. Байқау қорытындысын қалалық комиссия 2022 жылдың 27 желтоқсанына дейін өткізеді.

3.4. Байқау жеңімпаздарын марапаттау 2022 жылдың 30 желтоқсанында сағат 17.00-де қаланың орталық алаңында өтеді.

IV. Конкурсты бағалау критерийлері

4.1. Конкурсты бағалаудың негізгі өлшемдері:

- конкурстық объектінің сыртқы санитарлық-техникалық жағдайы және мазмұны;

- конкурстық объектінің контурлы (неонды) немесе жергілікті сәулеттік көмескі жарығының болуы;

- түрлі мерекелік жарық техникалық элементтерінің және конкурстық объектілердің қасбеттерін мерекелік безендірудің өзге де құралдарының барынша көп болуы және олардың үйлесімді болуы;

- идеологиялық мазмұнды ескере отырып, іргелес аумақтың тақырыптық мерекелік безендірілуінің болуы (ағаштарды жарықтандыру, қар, мұз, үрленетін, өзге де мүсіндер және басқа да мерекелік атрибуттар);

- байқау объектісінің қасбетін безендірудің бірегейлігі.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.