Ұрпақтың ұлық міндеті

Менің айтпағым, сол батырлардың қанымен, жанымен, маңдай терімен келген тәуелсіздікті, бүгінгі ұрпақ сақтай білуі керек. Батыр болу жауға қарсы шабу деген сөз емес. Қазіргі уақыт бәрімізден қажырлы еңбектің батыры болуды талап етіп отыр. Әркім өз саласында білгір, шаруақор болса, еліміз дами береді. Мен Алматыдағы энергетика колледжін тәмамдағаннан бері 25 жылға жуық табан аудармай «Текелийский энергокомплекс» кәсіпорнында жұмыс істеп келемін. Қаланы жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етудің ұңғыл-шұңғылына қанықпын. Жұмыста жүрсем де, демалыста болсам да, күні-түні мойнымдағы жауапкершілікті кейінге ысырып қойған емеспін. Өйткені, ол менің үйімнің, менің қаламның, менің елімнің жылуы, тіршілігі. Отаншыл болуды құрғақ сөзбен емес, әрбір азамат ісімен көрсетуі керек.
Қанат ЕЛУБАЕВ, «Текелийский энергокомплекс» ЖШС энергетигі