Шомылуға рұқсат етілген орын

►Текелі қаласының ашық жүзу бассейні; Текелі қаласының Әкімдігі судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
Шомылуға рұқсат етілген орын

– ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар, шомылуға арналған жерлерде ғана суға түсіңіз;

– түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңыз;

– суға қайықтар, катерлер және басқа да жүзу құралдарынан секірмеңіз;

– көпірлерден, бөгеттерден сүңгімеңіз;

– балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

– жүзу білмей тұра белден жоғары жерде суға түспеніз;

– жағадан алыс жүзіп кетпеңіз, сондай-ақ қоршау белгілерінен аспаңыз;

– желдің, толқын, нөсер және т. б дауыл туралы хабарландыруды ести тұра шомылмаңыз.

Осы қарапайым ұсынымдарды қолдана отырып, Сіз өзіңізді және жақындарыңызды су айдындарындағы төтенше жағдайлардан сақтайсыз!

 

 Шомылуға тыйым салынған орындар

► «Текелі энергокомплексі» ЖШС тиесілі Сорғы станциясы (гүрілдеуік), бөгет жанында және Қаратал көшесінің бойында;

► «Қаратал СЭС каскады» ЖШС тиесілі суайрық торабы (бөгет).

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.