Талдықорғанда жылыту маусымы басталған сәттен 9 төтенше жағдай тіркелді

«Көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту жүйесіне қатысты көптеген арыздар түседі, олардың басым көпшілігі тұрғын үйлердің қысқы мезгілге дайындығының болмауы себебінен және пәтер иелерінің кооперативтері төрағаларының салғырттығынан. Осы орайда, кооператив төрағалары, басқарушы компанияларды жылыту маусымы басталғанға дейін арнайы ұйымдармен жылыту жүйесіне қызмет көрсету шартын жасауды сұраймыз», - дейді Мақсұт Нұрғалиев.
Бүгінде қала тұрғындарын коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында барлығы 4 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл «Талдықорған Теплосервис» мемлекеттік-коммуналдық мекемесі, Талдықорған қаласының электр жүйесіне жауапты «ТАТЭК» акционерлік қоғамы, «Жетісу Водоканал» мемлекеттік-коммуналдық мекемесі және «ҚазТранс Газ-Аймақ» акционерлік қоғамы.
«2022 жылы газ құбырын салу бойынша 2 жоба қолға алынған болатын. Оған «Жастар-2» ауданына қарасты 526 үй және Ынтымақ ауданының 2430 жеке тұрғын үйлері енгізілген. Сондай - ақ, қосымша 2 жоба – «Талдықорған қаласында газ желісін салу 22а» және «Мойнақ ауылына газ желісін тарту» жобалары әзірлену үстінде», - дейді спикер.
Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғын үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу бағасын төмендету міндеті қойылды. Бүгінгі күні табиғи газға қосылу бағасы 400 мыңнан 750 мың теңгеге дейін көрсеткіште тұр. Осыған байланысты, «Жетісу Газ Сервис» мекемесі арқылы бағаны төмендету мәселесі қарастырылуда. Негізгі шара – тұрғындарға жылу қазандықтарын өз құны бойынша ұсыну және бөліп сатып алу мүмкіндігін беру.