Жаңа облыста алғашқы сессия

Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы еңбек жолын 1989 жылы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Киров атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. Әр жылдарда Ш.Уәли-ханов атындағы мектепте, Ескелді аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман, «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалында саяси жұмыстар, қоғамдық-саяси жұмыстар, ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімдерінің меңгерушісі, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Бүгінге дейін «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы болды.
Еске салсақ, алғашқы сессия бары-сында депутаттар Жетісу облысы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру, олардың құрамын бекіту, сол сияқты мәслихат аппаратының регла-ментін, құрылымын және штат кестесін бекіту мәселелерін талқылады. Атап өтсек, сайлаушылар санын ескере отырып, Жетісу облыстық мәслихатына 19 депутат енгізілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі