Тарихи сипатқа ие таңдау

Бүгін Текелі қаласындағы №1029 референдум учаскесінде дауыс берген қалалық Ардагерлер ұйымы және Қоғамдық кеңес төрағасы Ертай Дүйсебаев пікірін былай білдірді: «Бұл референдум араға 27 жыл салып жаңғыруымен және мемлекеттік жүйені өзгертуге бағытталуымен тарихи сипатқа ие. Ата заңға енгізілетін өзгерістерді референдумға шығарып, халықтың таңдау жасауына мүмкіндік беру өте қисынды шешім деп білемін. Еліміздің азаматтары ашық та әділ таңдау жасайтынына сенемін. Өйткені, біз өзіміз әділетті қоғамда өмір сүрумен қатар, ұрпағымыздың келешегінің жарқын болуын қалаймыз. Ел тағдырына жан-жүрегімен алаңдайтын азамат ретінде бүгін отбасыммен бірге дауыс бердім. Азаматтық парызымызға қашанда адал болған абзал».