Әр азаматтың дауысы маңызды

Еліміз үшін қай тұрғыдан да елеулі қадам болғалы тұрған Конституциядағы өзгертулер халықтың талаптілегі ескеріліп, келешек бағдары зерделеніп жасалды. «Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырым-дамасы қоғам мен билік арасындағы байланысты тығыз орнатуды көздеді. Қазіргі саяси реформалар осы диалогтың көрінісі. Біз толыққанды қалыптасып бітпеген жас мемлекетпіз. Үкіметтің алдында түйіні шешіл-меген түйткілді мәселелер өте көп. Оның бәрі оң шешілуі үшін мемлекеттің ішкі саясаты мықты болуы керек, заңдар орындалуы қажет, әділеттілік салтанат құруы тиіс. Үштен бір бөлігі өзгертіліп жатқан Ата заңымыз ұзақ жылдарға арналған стратегиялық құжат»,– деген М.Тәж-мағамбетова елді басқару ісіне халықтың қатысуы, жер мен оның қойнауындағы қазынаға халықтың иелік етуі, Президент өкілеттігі, Парламенттің рөлі, адам құқықтарын қорғау секілді бағыттарды жан-жақты саралап түсіндірді. Конституциялық реформаның басым бөлігі халық мүддесіне, мүмкіндігін кеңейтуге негізделгенін айтқан Д.Әлімбаев халық сайлаған депутаттарға пәрмен беру халықтың үнін билікке жеткізіп, оңтайлы шараларды жедел қарастыруға, қажет болғанда құқықтық-нормативтік актілерді шұғыл қабылдауға негіз болатынына тоқталды, сондай-ақ, ірі инвестициялық жобалар ұсынылғанда жерге иелік ететін халықтың талабы мен пікірі алдыңғы орынға қойылатынын атап өтті.
***
Осы аптада Алматы облыстық мәслихат депутаты, қалалық қоғамдық штаб төрағасы Константин Нестеров штаб отырысын өткізіп, Конституциялық реформаларды ел-жұртқа түсіндіру, Республикалық референдумға қатысудың маңызын ұғындыру бағытында атқарылған шараларды пысықтады. Сонымен қатар, Текелі қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен жүздесіп, Ата заңға енгізілетін өзгерістердің бір парасын талқылап, 5 маусымда өтетін референдумда белсенділік танытуға шақырды. Үкіметтік емес ұйым өкілдері ойларын ортаға салып, Қазақстанның тыңнан даму жолындағы өзгерістердің өзегі болып табылатын Конституцияның жаңа редакциясын бекіту шешімі халық таңдауымен қабылданатынына маңыз берді.
Сонымен қатар, қалалық штаб төрағасы К.Нестеров «Green Stone» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжы-мымен кездесіп, Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. «Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз. Мемлекеттің тірегі – халық және ешкім де мемлекеттен бөлініп өмір сүре алмайды. Конституцияға енгізіліп отырған түзетулердің бастауында да халық тұр. Біздің қателіктерімізді, олқы тұстарымызды ешкім де сырттан келіп жөндеп бермейді, елімізді дамытатын да, әл-ауқатымызды жақсартатын да өзіміз. Сондықтан, әрқай-сымыз жауапкершілікті сезініп, жаңа бастамалардың қайнар көзі болып табылатын Республикалық референдумға қатыс-қанымыз дұрыс», – деген К.Нестеровтің сөзін жиналғандар бірауыздан құптады.
Торғын ТҰРЛЫБАЕВА