Кеңес дегеніміз не?
Құрметті оқырмандар, өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылғы 18 тамызда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті.

Ол азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуы мен рөлін кеңейту, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайланбалығы, ауыл әкімдерінің ұйымдастыру, экономикалық және қаржылық мәселедегі дербестігі, халық алдындағы ашықтығы мен есептілігі, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың қызмет функцияларының аражігін ажыратуға бағытталған. Бірінші инфографикада біз Кеңес дегеніміз не және ол қалай сайланатынын түсіндіреміз.
QR Ulttyq ekonomika ministrligi / Министерство национальной экономики РК