Ауылдың еңбек әлеуеті артады

Рудничный ауылдық округінің әкімі Сергей Дмитриевич Вишняковтың тұрғындар алдындағы есебінің тезисі
Ауылдың еңбек әлеуеті артады

Өткен жылғы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық көрсет-кіштері және алдағы дамуының негізгі бағыттары мен міндеттері туралы тұрғындарды алдын-ала ақпараттандыру мақсатында ауыл округі әкімінің баяндамасының тезистері жарияланады.

2020 жылдың қаңтар айында Рудничный ауылының тұрғындарымен 1 есеп беру кездесуі өткізілді.

Рудничный ауылдық округінің жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

Өнеркәсіп

2020 жылдың соңына қарай ауылдық округ аумағындағы «ГРК Көксу» ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорнында жұмыс істейтіндер саны 113 адамды құрады.Шығарылған өнім көлемі 612 млн. 262 мың теңгеге 4,9 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 млн. 343 мың теңгеге артық.

Ауыл шаруашылығы

Барлық жер – 1960 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен қордағы және арнайы жер қорындағы жерлер – 1687 га, елді мекеннің өзі 273 га: оның ішінде жайылымдар – 32 га, шабындық жерлер –
69 га, үй жанындағы учаскелер – 26,85 га, бақша қоғамдары – 36 га,

Ауыл шаруашылығы жануарларының саны: ірі қара мал – 567 бас, жылқы – 55, қой мен ешкі – 637.

Абаттандыру және инфрақұрылым

Мектеп жанында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ескерту белгілерімен жасанды кедергі орнатылды.

Тұрғындар саны – 1043 адамды құрады, барлығы 315 отбасы тұрады. Өткен жылы ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) жүргізіліп, оның көмегімен кең жолақты Интернет желісіне қосылды, қосылу жылдамдығы 12 Мбит/с дейін, 142 отбасы, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер: №7 ОМ «МДШО» КММ, Рудничный ауылының дәрігерлік амбулаториясы, «Текелі қаласының Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты» ММ, Текелі қаласының Рудничный ауылы №4 ОӨК, жалпы 202 үй шаруашылық-тары телефон желісіне қосылған.

Ауылдың үштен екісі ұялы байланыспен қамтылған. «Кар-Тел» ЖШС өкілдерімен келіссөздер барысында, ауылды толық қамту үшін,
ҚР қолданыстағы заңнамасы аясында, ауыл ішінде қажетті жабдықтары бар антенна-діңгек құрылысын орнату жоспарланған.

Тұрғындардың өтініші бойынша, балалардың мектепке қауіпсіз қозғалысы мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында, «Текелі қаласының Рудничный ауылының жаяужүргінші жолдарына  күрделі жөндеу» жүргізілді. Жалпы сомасы 21,2 млн.теңге, жұмыс барысында Құрманғазы көшесінің қашықтығы 830м және тағы екі көше бойынша жаяужүргіншілер жолы төселді. Бұл жалпы алғанда 1352 мертді құрады.  Жұмыс жүргізу кезінде 4 жергілікті тұрғын уақытша жұмысқа орналастырылды.

Ауылда спортты дамыту мақсатында жасанды жабыны, жарығы мен қоршауы бар шағын футбол алаңын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Орталықтандырылған сумен жабдықтауды және ішінара су бұруды ШЖҚ «Су құбыры» МКК филиалы жүзеге асырады. Ауылды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, жаңа су тарту құрылыстары салынды.

Қысқы уақытта тротуарларды, автожолдарды тазалау және құм себу, көшені жарықтандыруға қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.

Ауылда туристік кластерді дамыту бойынша бұрынғы автобаза аумағында туристік кешенді ұйымдастыру жұмыстары басталды.

Халықты әлеуметтік қорғау және қызмет көрсету

2020 жылы ауылдағы 34 отбасы жалпы сомасы 1,3 млн. теңгеге тұрғын үй көмегін алды.  Жаңа формат бойынша 12 отбасына жалпы сомасы 4,7 млн.теңге атаулы көмек төленді.

Жыл көлемінде Текелі қаласының жұмыспен қамту орталығына 121 ауыл тұрғыны өтініш білдірді, оның 43-і қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 2 несие алды.

2020 жылы ауылдағы 56 тұрғын жұмысқа орналастырылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдар-ламасы бойынша «Қаржылық қолдау қоры» арқылы 2 ауыл тұрғынына
4,2 млн.теңге сомасында шағын кредит-тер берілді.

«Бастау Бизнес-2018» бағдарламасы бойынша 5 ауыл тұрғыны жалпы сомасы 2,2 млн теңге грант алды.

Өткен жылы Рудничный ауылдық округінің әкім аппаратына тұрғындар тарапынан14 өтініш түсып, барлығы қанағаттандырылған.

Тұрғындардың өтініштері бойынша 17 нотариаттық іс-әрекет жүзеге асырылды.

Демография

2020 жылы 23 адам дүниеге келді, 9 адам қайтыс болды. Халықтың табиғи өсімі 14 адамды құрады. Келгендер саны – 71, кеткендер – 67 адам, көші-қон сальдосы – 4.

Жыл соңына қарай ауылдық округтің халқы 1043 адамды құрады. Олардың ішінде: экономикалық белсенді – 570; зейнеткерлер – 160; мүгедектер – 30. Барлығы – 283 бала, оның ішінде 172 бала №7 орта мектепте оқиды. Ауылда шаруашылық есепке алу кітаптарының деректері бойынша жұмыс істейтін, кәсіпкерлікпен
айналысатын және студенттердің саны – 396 адам.

Білім

Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №7 орта мектепте 172 оқушы, шағын орталықта 30 бала оқиды. Оқытушылар құрамы – 36 адам, тәрбиешілер – 4, қызмет көрсетуші персонал – 30 адам. 2020-2021 жылдарға оқу маусымы штаттық режимде өткізіледі. 2020-2021 жж. жылыту маусымына дайындық барысында жылыту жүйесін жуу, қазандық жабдығына ағымдағы қызмет көрсету жүргізілді, қатты отын әкелінді.

 Округтің салық түсімдері

2020 жылдан бастап Рудничный ауылдық округі дербес, бюджеттің 4 деңгейіне өтті. 11 айда салықтық түсімдер 1,1 млн.теңгені құрады, оның ішінде:

Табыс салығы – 162 мың 451 тг.

Мүлік салығы – 31 мың 050 тг.

Жер салығы – 33 мың 754 тг.

Көлік құралдарына салынатын салық – 1 млн.494 мың 080 тг.

Округтегі қоғамдық қауіпсіздік

2020 жылы 4 қылмыс – 4 бөтеннің мүлкін ұрлау, 4-і де ашылды.

Тұрғындардың бастамасымен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша учаскелік полиция инспекторының жұмысына жәрдемдесу мақсатында ауылда ерікті жасақ ұйымдастырылды. Олар кешкі және түнгі уақытта бірлесіп кезекшілік жүргізеді.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Тезистерде ауылдық округтің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық да-муының негізгі қорытындылары жария-ланды.

2021 жылы ауыл округі әкімдігінің жұмысы Текелі қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының шараларын орындауға, негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруге, өндірістік, зиялылық және еңбек әлеуетін дамытуға бағытталады.

Алдағы уақыттағы негізгі міндеттер:

– Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындау;

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;

– «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шараларын іске асыру;

– Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды одан әрі орындау болып табылады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.