Ауылды дамыту – басты бағыт

Тұрғындарды алдын ала хабардар ету үшін ауылдық округтің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, міндеттері және оны одан әрі дамытудың негізгі бағыттары туралы алдағы есеп тезистері жарияланады.
2019 жылдың қаңтарында Рудничный ауылының тұрғындарымен 1 есептік кездесу өткізілді.
Есеп беру кездесулерінде айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды іске асыру үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылды.
Рудничный ауылдық округінің жыл соңындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:
Өнеркәсіп
Ауылдық округ аумағында «Көксу ТКК» ЖШС өндірістік кәсіпорны жұмыс істейді, жұмысшылардың жалпы саны – 131 адам.
581,9 млн теңге көлемінде 5,7 мың тонна өнім шығарылды, бұл – 2018 жылмен салыстырғанда 133,9 млн теңгеге көп.
Ауыл шаруашылығы
Барлық жер көлемі – 1960 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен бос және арнайы жер қоры – 1687 га, елді мекеннің өз жері – 273 га: оның ішінде, жайылымдар – 32 га, шабындық – 69 га, үй жанындағы жер телімдері – 26,85 га, бау-бақша – 36 га құрайды.
Ауыл шаруашылығы жануарлары: ірі қара – 567, жылқы – 55, қой мен ешкі – 657 бас. Жыл бойы ауыл шаруашылығы жануарларын біріздендіру және өңдеу бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Абаттандыру және инфрақұрылым
Ауылдық округ тұрғындарының қауіп-сіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мельничный өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің таяныштарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жыл бойы ауылды абаттандыру бойынша басқа да жұмыстар, атап айтқанда, жолдардың асфальт бетонды жабыны, сахна және 6 балалар алаңы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, спорт алаңындағы жарықтандыру қалпы-на келтірілді. 4 спорттық тренажер орнатылды. Қоғамдық қызметкерлердің күшімен ауылда санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 11 км арық жүйесі тазаланды, 199,0 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Қысқы уақытта тротуарлардың қары күреледі. Ауылдық округтің бюджеттік сала нысандары қатты отынмен жылытылады, олар көмірмен толық қамтамасыз етілді. Электр беру және телефония желілеріне тиіп тұрған ағаш бұтақтары кесіліп, 6 трансформаторлық қосалқы стансаға ағымдағы қызмет көрсетілді,
14 апатты тіректер ауыстырылды.
Әлеуметтік қорғау және тұрғындарға қызмет
2019 жылы ауылдағы 50 отбасына 2,6 млн теңгенің тұрғын үй көмегі көрсетілді, 24 отбасына 10,6 млн теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді.
2019 жылы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 жас маман отбасы жеке баспана сатып алуға жалпы сомасы 6,4 млн теңге несие алды.
2019 жылы 120 ауыл тұрғыны қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінді, оның ішінде 25 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 4 тұрғын несие алды.
2019 жылы 6 ауыл тұрғыны қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.
2019 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыс-пен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры
6 тұрғынға жалпы 13,4 млн теңгеге шағын несие берді.
Ауылда жеке кәсіпкерлікті дамыту басты назарда. 2019 жылы ауылда жаңа шағын маркет ашылды.
Ауылдағы туристік кластерді дамыту мақсатында бұрынғы автобазаның аумағында туристік кешеннің ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
2019 жылы 28 өтініш келіп түсті –барлығы заңға сәйкес қарастырылып,
22 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жергілікті тұрғындардың мүддесі үшін 123 нотариалдық жұмыс жасалды.
Рудничный ауылдық округіндегі №7 орта мектепте волейбол, баскетбол, теннис, дзюдо, сонымен қатар, би және тоқу үйірмелері бар.
Демография
2019 жылы 14 адам дүниеге келді, 11 адам қайтыс болды. Халықтың табиғи өсімі 3 адамды құрады.
Білім беру саласын дамытудағы үрдістер
Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №7 орта мектепте 167 оқушы оқиды, шағын орталықта 30 бала тәрбиеленуде. Оқытушылар құрамы – 35, тәрбиешілер – 4, қызмет көрсетуші қызметкерлер – 30 адам.
Мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері
Облыстық және қалалық байқаулар мен жарыстарда №7 орта мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. «Бастауыш сынып мұғалімі» Д.Жолдыбаева – 3 орын, «Үздік жас маман» Г.Айтказина – 3 орын, «Үздік сынып жетекшісі» Т.Аталықова –
3 орын.
Халықтың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді.
2019 жылы ауылда мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге арналған
26 мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар өткізілді.
Округтегі қоғамдық қауіпсіздік
2019 жылы 2 қылмыс тіркеліп, екеуі де ашылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері 27 адамға әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды (отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас, ұсақ бұзақылық, төлқұ-жат тәртібін бұзу).
Ұйымдарда орналастырылған ақпараттық көрнекі құралдарда сенім телефондарымен қатар әкімнің, учаскелік полиция инспекторының, шекара қызметі офицерлерінің телефондары орналастырылған.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Тезисте ауылдық округтің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары жарияланды.
2020 жылы Рудничный ауылдық округі әкімдігінің жұмысы Текелі қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының басым бағыттарын орындауға, негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруге, өндірістік, зияткерлік және еңбек әлеуетін дамытуға бағытталады.
Алдағы уақытта іске асырылатын негізгі міндеттер:
– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау;
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы;
– «100 нақты қадам» Ұлт жоспары;
– мемлекеттік және салалық бағдарламалар.