Міндет –жауаптылықты жоғарылату

Мемлекет басшысының қоғам дамуын жаңаша тұрпатта ілгерілету қажеттілігін міндеттеген халыққа Жолдауы жеке жауаптылықты арттыруды көздейді. Яғни, «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» қағидатын санамызға сіңіріп, орнықтырғанымыз жөн.
Міндет –жауаптылықты жоғарылату

Шындығында, әлемді әбігерге салған кесел індеті адами құндылықтарымызға тереңірек үңілдіргені де рас. Бастың амандығы мен бауырдың бүтіндігін бәрінен жоғары қоятын халқымыз әуелден-ақ «мал-жан амандығын» сұрасқанда да,  «малым жанымның, жаным арымның садақасы» дегенде де, адалдығы мен ар-намысын, әділдігін алға тартқан.

Жаңа экономикалық бағыттың жеті негізгі қағидаты да түбегейлі өзгерістерді, оның ішінде, өнімділікті ң өсімін қамтамасыз ету, таза бәсекелестік пен кәсіпкерлердің жаңа толқынын қалыптастыру, ысырапшылдыққа жол бермеу, адами капиталды дамыту мен қоғам алдындағы жоғары жауапкершілікті терең түйсіну болып табылады. Президент Жолдауында жалпыхалықтық  адами құндылықтардың  терең білім, ерінбей еңбектену, кәсіби дағыдылану, темірдей тәртіп пен әділдік, адалдық, ұқыптылыққа негізделуін баса айтты. Біздің ендігі міндет – ұлт санасын, ұлт болмысын жаңалау, тұрақтылық пен тыныштықты, қалыпты дамуды қамтамасыз ету болмақ. 

Сері Болысбайұлы, Текелі қаласы әкімінің орынбасары

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.